Қошқар ата өзені қаладағы ақысыз демалатын бірден-бір орын. Сондықтан шіліңгір шілдеде сая іздеп шомылуға келетіндер көп. Дастархан жайып Пикник ұйымдастыратындар да бар. Көпшілік орын болғандықтан қоқыс қалдықтары арнайы жәшікке сыймай жататын жайт жиі кездеседі. Осыны ескерген қала әкімдігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында демалыс орнында тазалық жұмысын ұйымдастырды. Қураған шөптерді орып, қоқыс қалдықтарын тазалады.


«Таза Қазақстан» республикалық акциясы үшінші мегаполисте анықталған локациялар бойынша 5 ауданда өтті. Әл Фараби ауданы адам көп шоғырланатын Қошқар ата өзенінің айналасында тазалық жұмысын жүргізді. Саябақ қызметкерлеріне коммуналдық мекеме өкілдері мен қала тұрғындары, ерікті жастар көмектесті.


БАУЫРЖАН ҚАУМЕШОВ, ҚОШҚАР АТА САЯБАҒЫНЫҢ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда демалушылардың саны өте көп. Жәй күндері 5-6 мыңға дейін, демалыс күнері 10-12 мың адамға дейін келіп осында демалады. Әрине ол кісілерден қалған қоқыстарды тазарту жұмысы күнде жүргізіледі. Оның үстіне учаске аумағында Таза Қазақстан ауциясынан кейін Таза өлкеден 23 қызметкер, өзіміздің учаскеден 20 қызметкер мен сенбілік жұмысы жоғары деңгейде өтуде. Сенбіліктен кейін учаске аумағы жаңа кейіпке еніп, таза болды.


 Өзен аумағындағы тазалық жұмысына 100 ге жуық адам қатысты. 2 арнайы техника да қарастырылған. Эко акцияға қатысушылар қураған шөптер мен ағаш бұталарын шапты. Өзеннің арнасын балдырлардан аршыды.


ӘУЕСБЕК ОПАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Аталған сенбілік жұмысы тұрақты түрде белгіленген кестеге сәйкес жалғасын табатын болады. Таза Қазақстан эко акциясын өткізу бойынша іс-шара жоспары бекітілген. Соған сәйкес қазір 50-ге жуық арнайы эко акция ұйымдастырылды. ЖАлпы жыл соңына дейін 150-ге жуық акция ұйымдастырылады.


 Таза Қазақстан акциясы әр сенбі қаладағы 5 ауданда белгіленген локацияларда жүргізілуде. Айта өтейік эко акция басталғалы 512 мыңға жуық адам қатысып, 25 мың тонна қоқыс шығарылған.