Қазақстандық таеквондошылар Дүниежүзілік Универсиадада жүлдегер атанды. 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтіп өткен студенттер арасындағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғады.


 Байрақты бәсекеде таеквондо спортынан Қазақстанның аралас құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Ұлттық құраманың сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай сынды талантты спортшылар өнер көрсетті. Жүлделі нәтиже көрсеткен спортшылар қатарында Түркістан облысының өкілі Назым Махмұдова да бар.


 Жүлдегерді Түркістан әуежайдан спорт саласының майталмандары, туған-туыстары мен достары сән-салтанатпен қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.


Назым — Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Аталған спорт мектебінің директоры – қол күресінен әлемге танымал спортшы Шынболат Райханов.