Жаңадан босанған келіншек ерекше күтімді қажет етеді. Жас ананы күтіп-баптауға перзентхананың кіші буын қызметкерлерінің еңбегі орасан. Тазалықшылар әйелдердің ас-ауқатын ыстықтай жеткізіп, сәбиіне қарайлап, көмектесіп жатады. Осындай бейнеткеш мамандар қандай құрметке болмасын лайық. Еңбегімен елге сыйлы кейіпкеріміз жайлы тілші әңгімелесін.


Жарқын Ілиясова – алпысты алқымдаған ана. 30 жылға жуық уақыттан бері қалалық №2 перзентханада еден жуушы болып еңбек етеді. Талай басшымен қызметтес болған ол ұжымға сыйлы, жас мамандарға үлгі.


Атына заты сай кейіпкеріміз перзентхана ішін жарқыратып, тазалыққа ден қойып жүреді. Дәліздерде жайқалған гүлдерге де жауапты өзі. Оның жұмысын басшылық та жоғары бағалап отыр.


 Жарқын Ілиясова мейірбике мен акушерлерге қолғанат. Жас аналардың жанашыры. Жаңа босанған әйелдерге көмекші. Бұл еңбегін емделушілер де растап отыр.


Кейіпкеріміз өмірінің жартысын осы перзентханада өткізген. Түнгі ауысыммен жұмыс істейтін ол талай қызықты бастан кешіргенін айтып отыр. Дарақ бір жерде көгеретіні секілді Жамал апай осы мекемеде зейнеткерлікке дейін талмай жұмыс істемек.