Шымкентте кәсіпкерлік ұйымдары жылына 8 миллион текше метр ауыз суын тұтынады. Халыққа қызмет көрсету мақсатында оның көп бөлігін автокөлік жуу орналықтары мен моншалар пайдаланады. Биыл біріңғай тариф 12 %-ке қымбаттатылып, заманауи су есептеуіш аспаптары орнатыла бастады. Сала мамандарының айтуынша, жаңа құрылғы су шығынын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорында табиғи тау, кен тастары өңделіп, жылына 500 мың шаршы метр травертин шығарылады. Тасты кесуге су аса қажетті ресурс саналады. Сондықтан мекемеде өндірістік шығынды азайту үшін қолданылған суды қайта кәдеге жарату технологиясы енгізілген.
НҰРЛАН ТАЛАСБАЕВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазақта айтады судың да сұрауы бар деп. Сол сияқты бұл суды өңдеп оны қайтадан өндіріске жіберу үшін целый цикл істелген бізде. Айына 12 мың текше метр су кетеді. Оны егер тиімді пайдаланып, қайтадан өзімізге жарататын болсақ біз 70%- ға дейін өз қаржымызды үнемдейді екенбіз.
Шымкентте 138 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Жалпы 8 мың абонент техникалық шарт жасасып, қызмет көрсету мақсатында монша мен көлік жуу орталықтарын ашқан. Көпшілігі су ақысын еселенген тарифпен төлемеу үшін жер асты ұңғымаларын пайдаланады. Алайда сарапшылар тірлішілік нәрін текке ағызбай есеппен, үнемдеуге шақырды. Әйтпесе, ресурстар алдағы онжылдықта сарқылуы мүмкін.
НҰРИДДИН ЖАРБОЛОВ, «СУ РЕСУРСТАРЫ, ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АГРОТЕХНИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ
Дәл қазіргі рұқсат етілген көлем 2035 жылға дейін жетеді деген болжам бар. Дәуірлер бойы жинақталып, бір қалыпқа түскен табиғат көзінеадамзат баласының қол салу, артық қол салуы ол табиғи апатқа алып келеді.
Табиғи монополияларды реттеу департаментімен кәсіпкерлік субектілеріне біріңғай тариф бекітілген. Биыл төлем ақы 12 %-ке қымбаттап, әр текше метрі үшін 900 теңге болып белгіленді. Ал су шығынын дәлме дәл анықтауға мүмкіндік беретін өлшеуіш құралдарының заманауи түрі заңсыз пайдаланушыларды тыюға көмектескен.
ЖАНАТБЕК ТҰРДАЛИЕВ, ҚАЛАНЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМПАНИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
5 мыңнан астам үлкен шеңберлі су есептегіш аспаптары бар. Оның барлығы көрсеткіштерін қашықтықтан беретін құрылғылармен қамтамасыз етілген. Соның арқасында біз күнделікті қалаға келіп жатқан су көлемі мен сол судың шығынын қарап отырамыз.
Шымкенттіктер жылына 60 миллион текше метр ауыз суын тұтынады. Оның 8 миллионы коммерциялық ұйымдарға тиесілі. Сала мамандарының айтуынша, суды тиімді әрі әділ есептеу үшін жаңа үлгідегі құралдарды жаппай енгізу қажет. Сонда ғана бақылау мықтап орнап, артық шығынды алдын алуға болады.