Енді кез келген адам адвокаттың немесе заңгердің кеңесін онлайн ала алады. Ол үшін «Е-заң көмегі» деп аталатын арнайы мобильді қосымша іске қосылған. Ол «Е-гов» сайты мен «Заң көмегі» қосымшасында қол жетімді. Осылай деген Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова азаматтардың құқықтық сұрақтарына жауап беру үшін жасанды интеллект чат-ботының іске қосылғанын айтты. Ерекшеліктері жайында сюжетте толығырақ.
«Жасанды интеллект» технологиясына негізделген чат-бот халықтың құқықтық сұрақтарына 24/7 жауап береді. Көп күттірмейді, бірнеше секундта қажетті сұрақтарға тұшымды жауап алуға болады. Виртуалды көмекшіге «adilet.zan.kz» және «Е-заң көмегі» порталдары арқылы жүгінуге болады. 1 шілдеге дейін осы құралды қаламыздың 5 мыңнан астам тұрғыны пайдаланған.
АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Жасанды интеллект адами факторды жоятын осындай тетік. Керісінше азаматтардың құқықтық сұрақтарына бар заңнамалық актілеріне сүйене отырып жауап беруге арналған құрал. Бұл жерде қателер болуы мүмкін. Бірақ сирек. Сол үшін жауап қандай заңнамалық актілерге сүйене отырып берілген туралы көрсетіледі виртуалды көмекші құралында. Егерде қате байқалса, әдетте заңгер мамандығы бар мамандар қателерді байқауы мүмкін. Бұл жерде ескертпе жасауға мүмкіндік бар.
Нотариустардың қызметінде де цифрлық мүмкіндіктер кеңейтілген. Қаңтар айынан бері Шымкент қаласының нотариустарымен 390 034 қызмет көрсетілген. Оның 15 364-і «Е-нотари» платформасы арқылы онлайн көрсетілген.
АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Онлайн тәртіпте тек сенімхаттарды куәландыруға болады. Бұл сенімхаттар мүлікті иеліктен шығарумен ғана болмауы керек. Басқа сенімхаттардың түрлері осл онлайн тәртіпте алуға болады. Сонымен қатар жұбайлардың ортақ бірлескен мүлікті иеліктен шығаруға келісімдерді немесе азаматты некеде тұрмайтындығы туралы хабарламаны онлайн куәләндыруға болатынын ескерткім келеді.
Болашақта жеке сот орындаушылары жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі қазір олардың қызметін «Робот-сот орындаушы атқарады. Мысалы азаматтардың берешегі туралы ақпар алдымен роботқа келіп түседі. Жүйенің өзі азаматқа хабарлама жолдап, есеп шоттарын тыйымға қояды, шотта ақша бар болса оны автоматты түрде өндіріп алады.