Ресторан не дәмханада кез-келген орындаушының әнін заңсыз қолданып, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға болмайды. Бұл заң бұзушылық. Жауапкершілік арқалап, айыппұл төлемес үшін сіздің мекемде шырқалған әрбір ән үшін, оның авторынан рұқсат алып, келісім шарт жасауыңыз қажет. Бірақ, әрбір әншімен тілдесіп оның келімін алу ұзақ уақыт талап етуі мүмкін. Мұның жанама, заңды тәсілдері бар ма? Сюжеттен көріңіз.
МҰХТАР АБДЕЗОВ, ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Сіз енді әрбір әншінің артынан жүгіріп жүріп рұқсат сұармайсыз ғой. Бұл тиімсіз ғой. Сондықтан да бізде осындай акредиттелген ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар бар. Олар барлық авторлардың атынан жарна жинап, авторларға беріп отырады.»
Алтынбек Өтебаев – авторлық әндер республикалық қоғамдық-бірлестігінің бас директоры. Ол жетекшілік ететін ұжым 2009 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Жұмыс принципі қарапайым. Жеке кәсіпкерлерден мекемеде шырқалған фонограммалық туындылар үшін жарна жиып, оны белгілі бір пайызын авторларға үлестіріп береді.
АЛТЫНБЕК ӨТЕБАЕВ, АВТОРЛЫҚ ӘНДЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-БІРЛЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
– «Есебін береді. Қай автордың әнін қанша рет қолданған. Соған төлеген ақшасын біз авторларға бөліп беріп отырамыз.» «Исрайл Сапарбайдың туындысы айына төрт рет пайдаланылды, Асхат Тарғынның әні 5 рет қолданылды. Соған қарап төлем жасалады.»
Мамандардың айтуынша, әндерді жеке мақсатта пайдалануға тыйым жоқ. Жарна тек кәсіпкерлік бағытқа негізделген. Яғни, Қайрат Нұртастың ән жинағын жеке асханада, демалыс бөлмесінде не жаттығу жасау барысында тыңдағаныңыз үшін салық салынбайды.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Кинотеатрда жүріп жатқан туындыларды жасырын камераға түсіріп, оны телеграмм аккаунттарға жүктейтіндер бар. Олар кино түсірушілер мен театр басшылығын шығынға батырып, бизнеске көлеңке түсіреді. Бұл заңсыз әрекет. Мамандардың айтуынша, ол күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 80 айлық есептік көрсеткіштен 5000 айлық көрсеткішке дейін арқалайды. Тіпті, бұл әрекетті қылмыстық топ жасап, ол үлкен залал әкелсе 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
МҰХТАР АБДЕЗОВ, ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «ҚР авторлық және сабақтастық құқық талаптарына сәйкес автордың рұқсатынсыз ешқандай туындыны жариялауға болмайды. Ол заң бұзушылыққа ҚР қылмыстық кодексінің 198 бабына сәйкес жауапкершілік көзделген. Тура сондай азаматтық кодекске сай жауапкершілік көзделген.»
Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде авторлық құқық жайы жан-жақты талқыланып, кәсіспкерлер мен жеке тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.