Абайды Абай елінде таны. Студенттер данышпанның 180 жылдығына орай «Шымкент-Алматы-Алматы-Семей бағытына сапар шегіп, танымдық экспедиция жасады. Жас өрен жол-жөнекей музей-көрмелерді тамашалап, таным көкжиегін кеңейтті. Тарихтан тағылым алып, ұлылар жүріп өткен ізді басты.


 Бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған экспедиция құрамында 50 студент пен арнайы сүйемелдеушілер болды. Жол барысында олар 5 нүктеге аялдап, танымдық орындарды аралап қайтты. Белгіленген бағыт – Алматы, Талдықорған, Қонаев, Аягөз және Семей қалалары. Негізгі меже – ұлы Абай туған Жидебай топырағы мен Мұхтар Әуезов туып өскен Бөрілі аймағы. Жолаушылардың жол шығындарын университет тарапы өтеген.


ҒАНИ БЕСБАЕВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ ПРОРЕКТОРЫ

 –«Бұл экспедицияның басты мақсаты.. Жастар үлкен әсер алып қайтты.»«Кітапта жазылмаған өмірдеректерін көргенде, қай қара сөздің неге арналғанын білгенде таңырқап, үлкен ойда келді деп ойлаймын.»«Енді жаңа оқу жылы басталғанда ой сапар бойынша дөңгелек үстелдер, дебаттық турнирлер өткіземіз деген ойдамыз.»


 Танымдық сапарға белсенді студенттер мен оқу үздіктері іріктеп алынған. Олар түрлі сала шәкірттері. Жол барысында жас өрен өз мамандығына сәйкес зерттеу жүргізіп, түйін жасады. Архиология факультетінің студенттері Семей топырағы мен ондағы көне жәдігерлерге үңілсе, болашақ журанлисттер мен филологтар Хәкім шығармашылығын зерделейді. Соның бірі Баутан Есенгелді. Болашақ тілші Абай елінен зерттеу репортаж дайындаған.


 БАУТАН ЕСЕНГЕЛДІ, СТУДЕНТ

 – «Неге А.Құнанбаев осында соңғы жылдарын өткізді? Неге 46 қара сөз аяқталмай қалды деген сұрақтарға жауап іздедім. Сол жердегі Абайтанушылардан жан-жақты сұрап, журналисттік зерттеу жүргіздім.» 


Сапар барысында М.Әуезов университеті жолай Алматыдағы Абай оқу ордасына соғып, жол серік еткен. Қос тарапты Семейдегі Шәкірім университеті қонақ етіп, Абай топырағын таныстырған. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы байланысты ұштап, достық қатынасты нығатады дейді ұйымдастыршылар.