Түркістан облысында аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларының рейтнгтік жүйесі әзірленген. Әрбір мекемеге индикаторлар бекітіліп, әр тоқсан сайын нәтижесі шығарылып, тұрақты талқыланады. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы 6 айда облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 118%-ды құрап, өңір республикада бірінші орынға шықты.


Жартыжылдық қорытындысымен қалыптасқан рейтингті І тоқсандағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, Қазығұрт, Сайрам және Шардара аудандары рейтингте өздерінің индикаторларын жақсартып, оң нәтиже көрсеткен. Басқармалардың да көрсеткіштері сараланды. Төмен нәтиже көрсеткен аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалды. Оларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырма берілді.


ҚАНАТ ҚАЙЫПБЕК, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алты айдың қорытындысымен ең жоғары Сауран ауданы жайғасып отырса Дегенмен Мақтарал, Сарыағаш Жетісай аудандары теріс мәнге ие болды Келес ауданы индикаторы 15 тің сегңзңне яғни 53 пайызы орындалмаған


Мәжілісте облысты дамыту, индикаторларды орындау мәселелері талқыланды. Рейтинг соңындағы аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалып, тиісті сын-ескертпелер айтылды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Баяндамаларыңызда істейміз орындаймыз деген ол жауап емес. Нақты ненің есебінен қайлай жеткізуге болады соны айту керек осындайда. Жалпы бұл практикадан біз кету керекпіз. Үш баяндаманы тыңдадым үш баяндамада істейміз жасаймыз.


Айта кетейік, 6 ай қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп өнім көлемі 723,3 млрд. теңгені құрап, 13,5%-ға артты. Өсім негізінен өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен болды. Облыс экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығында өнім көлемі 253,9 млрд. теңгені құрап, өсім 104,7% деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.