Күнделікті тынымсыз тірліктің бел ортасында жүріп, өз ісіне адалдығымен танылған жандар – қоғамның шынайы қаһармандары. Олар көптің көзінде болмаса да, ел игілігі үшін елеулі еңбек етіп келеді. Солардың бірі – акушер Ұлжан Керімбекова. Талай сәбидің кіндік анасы болып, еңбегімен ұжымға сыйлы болған маманмен арна тілшілері тілдесіп қайтты. Бейнесюжетке кезек берсек.


 Ұлжан Керімбекова – 1988 жылы медициналық колледжге түсіп, 1992 жылдан бастап ақ халаттылар қатарына қосылған. Содан бері ана мен бала саулығы үшін тынымсыз қызмет етіп келеді.


 Ұлжан апай – жылдар бойғы тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұстаз. Күні-түні көз ілмей, ананың амандығы мен сәбидің саулығы үшін жанын салып жүрген осындай жандар – нағыз еңбек адамдары,-дейді әріптестері.


Ұлжан апайдың қолынан мыңдаған сәби аман-есен дүние есігін ашқан. Тіпті осы маманды нәрестесінің кіндік ана еткісі келетіндер де көбейген. Жауапкершілігі жоғары мамандықты жүрек қалауымен таңдаған ол – еңбекке деген адалдықтың жарқын үлгісі.