Шымкентте «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңаша білім алған оқушылардың қабілет-қарымы жақсарды. Таңдамалы пәндер арасында жүргізілген тестілеу қорытындысына бойынша балалардың білім деңгейі 61,5%-тен 65,2%-ке дейін өскен.


Сала мамандарының пайымынша, аз уақытта айтарлықтай нәтижеге теориялық білімді тәжірибелік іліммен ұштастыру әсер еткен. Сонымен қатар, оқушының қызығушылығына заманауи құралдар мен ІТ технология, робототехника сыныптары серпін берген. Өңірде «Келешек мектептері» жобасымен 11 нысан салынып, 12 мыңға жуық оқушы жаңартылған білім беру бағдарламасымен қамтылған. Биыл Таскен тұрғын алабынан тағы 1200 орынға арналған жаңа мектеп қолданысқа беріледі.


АҚЖАРҚЫН ТҰРСЫНОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 Бұл мектептерге конкурстық жүйеде оқушылар да мұғалімдер де қабылданды. Біз де 805 мұғалім сабақ беруде. Мұғалімдеріміздің сапалық құрамы 35% құрайды. Гос стандарттағы берілген бағдарламаларды тереңінен түсінгеннен кейін білім сапасының бірден-бір көтерілуіне әсер етті.