Шымкентте магнитудасы 8 балға жуық жер сілкінісі орын алды. Салдарынан қала аумағында төтенше жағдай жарияланып, хабарландыру стренасы іске қосылды. Бұл «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші кезеңінде көрсетілген сценарий. Бағдарламаға сәйкес құтқару жұмыстарына еліміздің барлық өңірінен 25 мың маман мен 5 мың арнайы техника жұмылдырылған. Құтқару топтарының қауіпсіз қозғалысын Полиция департаменті қамтамасыз етті.
Бейбіт күнде көрсетілген көрініс, жарияланған төтенше жағдай қаладағы дабыл қағу жүйелерін тексеріп, тұрғындарға мұндайда қалай әрекет ету қажетін түсіндіру мақсатында жасалған. Мамандар құтқару жұмыстарын пысықтап, басқа өңірден келген әріптестерімен тәжірибе алмасты.
РУСЛАН ҚАЙРАҚБАЕВ, ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
– «Мемлекеттік азматтық қорғау жүйесін басқару ограндары мен күштері, төтенше жағдай министрлігінің күштері дайындыққа келтірілді. Республикалық және қалалық жедел штабтар халықты уақытша орналастыру үшін шатырлы қалашық орналыстырды.»
Вице-министрдің сөзінше, үшінші мегаполис 7-8 балдық жер сілікінісі болу ықтималдығы мүмкін аумаққа жатады. Сондықтан да оқу-жаттығу алаңы үшін осы аумақ таңдап алынған. Төтеншеліктер тәжірибе арқылы біліктілік ұштап, дайындықтарын пысықтады.
РАМИЛЬ КАМАЛОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Біз командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізіп жатырмыз. Республикалық штабтың орталығы ретінде Шымкент қаласы таңдалды. Таңдалу себебі – бұл аймақ сейсмикалық тұрғыдан қауіпті саналады. Қала аумағы 7-8 баллдық жер сілкінісіне ұшырауы мүмкін аймаққа жатады. Осыған байланысты, бүгін Республикалық штабта екі күнге жоспарланған теориялық және практикалық кезеңдер өткізіледі. Теориялық бөлігі кеше өткізілді. Ал бүгін – оқу-жаттығу нәтижелерін қорытындылау күні. Бұл шараның басты мақсаты – азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен іс-қимылдарын біріктіру.
Бағдарлма сцнарийіне сәйкес жер сілкінісі салдарынан диаметрі 150 мм-ді құрайтын газ құбыры жарылып, сұйық отын жақын маңдағы тұрғын үйлерге тараған. Нәтижесінде №12 тұрғын үйде жарылыс болып, өрт шыққан. Төтеншеліктер өртті сөндіру және тұрғындарды құтқару жұмыстарын жүргізді. Ал денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері зардап шеккен тұрғындарды далалық госпиталға апарып, медициналық және психологиялық көмек көрсетті.