Соңғы 5 жылда дәрігерлерге 170-ке жуық шабуыл жасалған. Биылдың өзінде 6 ақ халатты бұзақылардан зардап шегіпті. Мұндай оқиғалардың көбеюуіне не себеп? Дәрігерлерге шабуыл жасағандар қандай жазаға тартылуы мүмкін? Депутаттардың ұсынысы бар ма? Әлемдік тәжірибе қандай?
Дәрігерлерге шабуыл соңғы уақытта көбейіп кетті. Осы айдың өзінде бірнеше медициналық мекемеден шу шықты. Өткен аптада Қарағандыдағы жекеменшік орталықта аға медбикені бәзбіреу көкала қойдай етіп сабаған. Маман басынан жарақат алды. Ол аздай саусақтары сынып, денесінің саутамтығы қалмаған. Іле-шала Қостанайда аты дардай хирург-урологқа қастандық жасалды. Кезегін күтіп, тағаты таусылған 34 жастағы ер адам дәрігерге жұдырық ала жүгірген. Ауыр соққыдан ер адам жансақтау бөліміне түсті.
ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Қазір науқас нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және желке сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды. Жарақаттары айтарлықтай күрделі. Бірақ жағдайы оңалып келеді. Толық ем-домды алып жатыр. Жақын арада орталықтан шығарып, оңалтуға жібереміз депген сенімдеміз
Жамбылдағы жайт та әлі ұмытыла қоймады. Байзақ ауданынанда 10-шы шілде күні фельдшерге оқ атылды. Танысынан қастандық көрген 27 жастағы жас маманның қайта көрер жарығы бар екен. Кеуде тұсына оқ дарыған науқастың қабырғасы зақымданған. Бұл елде дәрігерлерге жасалған күш көрсету мен қастандықтың бір парасы ғана. Оған дәлел статистика.
СЕРІКБОЛСЫН ТЕМІРХАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Соңғы 5 жылда 170 жуық фактілер тіркелді медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар. Орта және ауыр зиян келтірген фактілер бар. Былтыр 20-ға жуық, биыл 6-дан аса факті тіркелді. Дәрігерлер тапшылығы бұған алып келіп отыр. Осындай фактілер мамандардың саладан кетуіне әкеп соқтырады.
Ақ халатты қызыл қанға бояу фактілер көбейген сайын депутаттар шыр-пыр болады. Дәрігерлерді ұрып-соққандарға бөлек заң шығаруды сұрап жүр. Оның жазасын да қатаңдату көзделген. Бүгін бұл бастаманы Президент қолдап, Үкімет жоспар құрды.
ГҮЛДАРА Нұрымова, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Дәрменсіз заң барда дәрігер соққыға жығыла береді. Медицина қызметкерлері қаншама өмірлерді сақтап, қаншама адал жұмыс жасап жатыр. Біздің азаматтарымыз тұрмыстық жағдайға байланысты осы ашуын медицина қызметкерлерінен алады деп ойлаймын. Заң бойынша жазаны күшейту керек. Медициналық мекемелерде полиция, күзетулерді ұйымдастыру керек шығар.
Әлемге зер салсақ, бұл мәселе Қазақстанда ғана емес, көрші Қырғызстан мен алып АҚШ-та да өткір түр. Соңғысында өзге мамандықтармен салыстырғанда дәрігерлерге келер қауіп 5 есе жоғары екен. Сол себепті, бұл ел арнайы заң жобасын әзірлеуді бастап кетіпті. Ұлыбритания болса, ұрмақ түгілі медицина қызметкерлеріне қолының ұшын тигізуге де қорқатындай күнге жеткен. Бірнеше жыл бұрын мамандарды қорғау бойынша жаза қатаңдатылған. Кейбір жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы екі есе ұлғайтылады. Грекия мен Бельгия да жаһанды жайлаған мәселені заңды күшейтіп қана жеңген.