Елімізде Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, орталықтар саны 33-тен 124-ке дейін үш есе артты.


 Жыл басынан бері бұл орталықтарға 100 мыңнан астам адам жүгінген, ал 5 мыңнан астам отбасыға жан-жақты қолдау көрсетілген. Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай орталықтардың жұмыс процестерін цифрландыру енгізілді. Жақында «Ата-аналар академиясы» – Ata-ana.kz онлайн платформасы іске қосылады.