Елімізде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуға, 23:00-ден кейін көшеде ата-ана сүйемелдеуінсіз жүруге тыйым салынған. Бұл жас өреннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін қаулы. Шымкенттік жеткіншектер бұл заңға қаншалықты бағынады? Ал ата-аналар балаларын қаншалықты қадағалап жүр?
Мегполисте республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс шарасы өтті. Полиция депаратменті тәуліктің кешкі және түнгі уақытында беймезгіл жүрген жасөспірімдерді анықтап, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары білім беру ұйымдары өкілдерімен бірлесіп жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орталықтарын тексерді.
НҰРДӘУЛЕТ АЙТЖАНОВ, АБАЙ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ
– «Шымкент қаласының аумағында 5 ауданда түгел рейдтік іс-шара өтеді. Қылмыстың алдын-алу мақсатында»
Іс-шараның көздегені кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс деректерін болдырмау. Мақсат аясында сақшылар жасөспірімдерге ескерту жасап, түнгі уақытта заңды өкіл сүйемелдеуінсіз жүргуе болмайтынын ескертті.
ШЕЙХИСЛАМ ХАЙТМЕТОВ, АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
–«Аптасына 2-3 рет аралау жұмыстары жүргізіледі.» «Аудан аумағында кәмілет жасына толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.»