Енді банк картасын үшінші тұлғаға бергендер жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған заңнаманың өзгергенін ескертеді.


Қылмыстық кодекстің жаңа 232-де 1-ші бабына сәйкес өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін бергендер қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдалануы мүмкін. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбей жатады, - дейді мамандар. Полицейлер картаңызды немесе шотыңызды үшінші тұлғаға беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз; күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз, - деп ескертеді.