Мегаполисте тағы да ет бағасы қымбаттады. Соңғы бір аптаның ішінде сүйексіз еттің бағасы 4200 теңгеден 5000 теңгеге дейін көтерілген. Яғни, шамамен 20% өскен. Базарда баға тұрақсыз болғанымен әлеуметтік дүкендерде ет бағасын ұстап тұрмыз –дейді тиісті сала қызметкерлері. Көпті толғандырған мәселе бойынша арнайы рейд ұйымдастырылды.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы БАҚ өкілдерін ертіп әлеуметтік дүкендерді аралады. Бағаны тұрақтандыру үшін министрлік "Магнум", "Грамад" желілерімен келісім жасап, етті 2590-2620 теңгеден сатуға мүмкіндік беруде. Әлеуметтік бағадағы ет қазір қаладағы 60-тан астам сауда нүктесінде сатылады. Базарда еттің нарықтық бағасы – 3800-4000 теңге.
ТАЛҒАТ МЕКЕМБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жем-шөптің бағасы соның бәрі әсер етті. Өсім байқалады. Біздің базарларға келген кезде тиісілі өз әсерін береді. Жаңағыдай 5 мың теңге деген ол мякот дейдіғой. Ол мякот әрдайым қымбат болып жүрген.
Сатушылардың айтуынша “Өндірушілер аз, жем-шөп қымбат, әрі экспорт көлемі де жоғары. Бізде үстеме баға онша көп емес, бірақ ет бәрібір қымбат”, – дейді. Ет саудасы тоқтамаған. Бірақ төмен бағадағы етті тұтынушылар лезде талап алып кетеді екен.
БАХАДЫР ҚОШҚАРОВ, КӘСІПКЕР
2620 теңгеден грудинка лопаточный еттеріміз бар Азанда ерте клиенттеріміз келеді бәрі біледі социальный еттеріміз бар. Осыларды азанда алып кетедә бір партиямыз уже босады. После обеда тағы кеп жатыр. Дефецит кейде болады азанда бәрі келіп тез алып кетеді.
Сауда және интеграция министрлігі бұған жем-шөптің қымбаттауы, мал басының азаюы және көрші елдерден сұраныстың артуы себеп екенін хабарлады.Сарапшылардың айтуынша, келесі жылы ауа райы бұдан да ыстық болуы ықтимал. Сондықтан жем-шөптің тағы да жетіспеушілігіне дайын болу керек. Яғни, мал азығы қорын құрудың жаңа тәсілдері қажет.