Шардара су қоймасын қорғау шаралары нәтижесінде 20-дан аса құқық бұзушылық анықталған. Ол үшін арнайы мобильдік топ құрылып, су айдынын зерттеп-зерделеген. Іс-шаралар барысында Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары мен Шардара су қоймасы аумағында су ресурстарын рұқсатсыз пайдаланған азаматтар анықталды. Сондай-ақ су қоймасының оңтүстік бөлігінде ұзындығы шамамен 4 шақырымға жуық, тереңдігі 1 метрден асатын қолдан қазылған су арығы табылған.


Жүргізілген рейдтік жұмыстар нәтижесінде су қоймасынан, соның ішінде су сорғыш құралдарының көмегімен су алған 20-дан астам азаматтың әрекеттері заңсыз деп танылған. Тексеру барысында жалпы көлемі 140 гектардан асатын аумақтың заңсыз суаруылғаны белгілі болғаг. Құқық бұзушылар түрлі көлік құралдарының қозғалтқыштарын пайдаланып, сағатына шамамен 480 текше метр суды заңсыз алып отырған. Жалпы көлемі 414 миллион текше метр су рұқсатсыз пайдаланылғаны анықталған. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 141-бабына сәйкес шара қолданылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.