№2 қалалық ауырухана қызметкерлері тыл ардагерлерінің үйіне арнайы барып, медициналық тексерістен өткізді. Ақ халаттылар 5 бірдей арадегердің денсаулығын бақылап, қажетті ем-дом шараларын көрсетті.


91 жастағы Қалакүл Алшабаева – қолына қару ұстап, жаумен жаға жыртыспаған. Бірақ, майдан даласына тылдан қолдау көрсетіп, жеңеске үлесін қосқан . Еңбекке ерте араласып, жасынан аға буынға қолқабыс жасаған. Кейіннен 24 жыл бойы байланыс саласында қызмет істеп, құрметті ардагер атанған. Бүгінде ол 12 немере, 16 шөбере сүйіп отырған үлкен әулет анасы. Ақ халаттылар әжей денсаулығын жіті текеріп, талап-тілегін құлақ түрді.


ҚАЛАКҮЛ АЛШАБАЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

– «Дәрігерлерге рақмет! Кел деген уақытта келіп тұрады. Аналилздерін алып тұрады. Қиналсақ көріп тұрады.» 


Дәрігерлердің айтуынша кейуананың денсаулығы жақсы. Дегенмен, жасына сәйкес қарттық ауырулары бар. Қан-қысымы көтеріліп, буындары қақсайды. Ақ халаттыларылар ай сайын тексеріс жасап, жағдайын бақылап отырады. Тегін дәрі-дәрмек береді.


 АБАЙ ҚАСЫМБЕК, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР

– «Бұл кісі кордилогте бақылауда тұрады. Қанды сұйылтатын, холестеринді төмендететін дәрілерді ішіп отырады.»  «Барлықтарының денсаулықтары жақсы. Өз жастарына сәйкес.» 


Ақ халаттылар бүгін дәл осындай 5 ардагердің шаңырағына барып, медициналық тексеріс жасады. Көмек алғандардың ең егдесі 97 жастағы қарт ана. Тексеріс жүргізуге жалпы тәжірибелі дәрігер, невропатолог, эндокринолог, лор және ултро дыбысты зерттеу дәрігері қатысты.