Түркістан облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады. Облыс басшысы алдына келген азаматтардың мәселесін жіті тыңдап, сала жауаптыларына өзектілерін шұғыл шешуді тапсырды.


Жеке қабылдауға азаматтар облыстың аудан, қалаларынан келген. Олар бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Мәселен түркістандық тұрғын жер проблемасын қозғаса, енді бірі робототехника бағытында турнир өткізуге өтініш білдірді. Ал төлебилік азамат Зертас елді мекеніне спорт кешенін салып беру туралы өтінішін жеткізді. Облыс әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін назарға алып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар көрілетінін айтты. Естеріңізге сала кетейік әкім қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.