«Шымқала кештерінің» екінші күнінде Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Қазақ вальсінің каролі, жерлесіміздің жүректен орын алған жырлары тұрғындардың демалысын әсерлі етті. Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау», «Саржайлау» әндерімен басталған кеш лирикалық әндермен ұласты.


 Шымқала кеші – көңілді. Сейіл құрған әрбір тұрғынның жүрегіне жылулық сыйлайды. Әр күнді ерекше өткізуге «Шымкент концерт» концерттік ұйымының үлесі ерек.


МҰХТАРХАН АРМАН, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Әр аптада осы жердеміз. Бұл кеш тек бұл саябақта емес, басқа жерлерде де өткізіліп жатыр. Халық көп. Шығармашыл жандарға рух береді.


Ескі әндерді жанды дауыста тыңдап, өткенге саяхат жасаған тұрғындардың қуанышы шексіз. Әр жексенбіде саябаққа осы кешті тамашалау үшін келетіндерін де жасырмады.


АЙНҰР СЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мынау бүгін қыдырып келіп, концерт көріп отырмыз. Балаларға да ұнап жатыр. Кешке қыдырып жүріп тегін концерт көру деген керемет енді.


Жаздың алғашқы айында басталған кеш қара күзге дейін жалғасады. Жергілікті өнер иелерінің шығармашылығын тамашалауға тұрғындарда асық. Әр демалыс күнін тағатсыздана күтіп жүреді. Бұл кеш мегаполиске турист тарту ісіне де оң ықпал етіп отыр.