Елдің есінен шыға бастаған дәстүр қайта түледі. Мағынасы зор ырым-жырымдарда жұртшылық назарына. Мұның барлығы «Абысын-ажын» облыстық байқауында көрініс тапты. Түркістан қаласы «Достық үйінде» өткен жиынды тілші әңгімелейді.
Байқаудың мақсаты – бабадан балаға мұра болған ғасырдан -ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрді дәріптептеу. «Келіні жақсы үйдің керегесі – алтыннан» дегендей бір әулеттегі келін мен абысын арасындағы сыйластық пен татулықты нығайту, отбасы бірлігін арттыру. Жанұя жарасымдылығын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, атадан қасиет қонған, анадан өсиет алған көргенді келіндерді елге таныту.
БОТАКӨЗ МОШҚАЛОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ТӨРАЙЫМЫ
Ана бір қолымен бесік тербетсе екінші қолымен агналарымыз құрсаққа біткен баладан бастап құрсақ шашу шілдехана өткізу тұсау кесер атқа мінгізу сүндет той жасау мәселелері және үйлену тойға дейін үй болғанға дейцнгі дәстүрлердің барлығын келінге де балағада үйретіп Қазақ халқының салт дәстұүрін бойына сіңіру.
Байқауға аудандарда өткен келіндер сынында жеңімпаз болған бір әулеттің келіндері қатысты. Оларға 5 кезеңнен тұратын шарт бойынша баға берілді. Өңіріміздің барлық аймағынан келген жас аналар көне дәстүрді насихаттауға тырысты.
ШЫРЫНКҮЛ САРЫМСАҚОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Біз бүгінде сайысқа көнеден келе жатқан бірақ бүгінгі таңда ұмыт болған келінінің белін буу дәстүрін көрініс ретінде алып келдік. Бұның мағынасы жаңа тұскен шаңыраққа сіңісуінен бастап Көп балалы ана болуды меңзейтін дәстүр екен.
Жарыс нәтижесінде Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылынан келген Хайдауыл ата әулеті 1-орын жеңіп алып 100 мың теңге қоржынына салды. Сол ауданның Қақпақ ауылынан Қадір ата әулеті 2-орынды иемденді. Ордабасылық Қоныс ата әулеті 3-орын алса, Келес ауданы Шоқан ата әулеті " Өнерлі отбасы", Жетісайлық Сүлеймен ата әулеті " Көрермен көзайымы", Сарыағаштық Әділбек ата әулеті "Әулеттің ұйытқысы" номинациясымен марапатталды.