Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Таза Қазақстан» акциясы арқылы экосана қайта жаңғырып жатыр. Ала таңнан қала аумағындағы тазалық жұмыстары қарқын алып, Қошқар ата өзені бойы көгалдандырылды. Оған жергілікті тұрғындар белсене атсалысты.


Өзгеге көмектесу, айналаңа құрметпен қарап, барынша таза ұстау - кісіліктің айқын көрінісі,- дейді Альнура Сейілдахан. Ол 4 жыл бұрын еріктілер қатарына еркімен қосылыпты. Бүгінгі тазалық шарасына да қуана келген екен.


 АЛЬНУРА СЕЙІЛДАХАН, ЕРІКТІ

--- Мен өзім Дендропарк, Абая саябақтарына барып, мусорды жинап, салып тұрған едім. Бірақ, мен мұны волонтерлік организацисына кірмей тұрып істеп тұрған едім. Мысалы, далада бір бөтелкені көрсем, жәшікке тастаймын. 00:50


Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза жағалау» деп аталды. Науқанға жалпы саны 200-ге жуық ерікті жұмылдырылды. Белгіленген аймақтағы жолдың жиегі боялып, өзен аумағы тазаланып, талдардың түбі әктелді. Онымен қоса, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтар сырланып, абаттанды.


ҚАЙЫРЖАН БӨГЕНБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

--- Қай жерде жүрсек те, тазалып бізбен жүруі керек. Таза сана сонда ғана бірге қалыптасады деген үрдіспен жастарды осы нәрсеге үйрете білдік. Жастардың да ұған ешқандай қарсылықтары жоқ. Қызығушылықтары көп. Әркім өз қаласының таза болғанын қалайды. 01:46


 «Таза Қазақстан» акциясы бойныша жыл басынан бері екі мыңға жуық еріктінің қатысуымен саябақтар мен тұрғын алаптарына 70 көшет егіліп, 3000 тонна күл-қоқыс шығарылған. Енді қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, эко-сенбілік, қоқыс жинау челлендждерін өткізу жоспарланып отыр.