2024 жылы Шымкенттен солтүстік өңірлерге 159 отбасы яғни 592 адам қоныс аударған. Оның ешқайсысы оңтүстікке қайта оралмаған. Ал биыл 1 ғана отбасы көшіп, тіршілігін жалғастырып жатыр.
Биылғы жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарына қоныс аударуға ниет білдіруші азаматтарға арналған жәрмеңке өткізіледі. Оған 7 облыстың жұмыс берушілері қатысады.