Мемлекеттің ақшасын талан-таражға салған. Шымкентте жаңадан кәсіп ашамын деп қайтарымсыз грант алған 36 азамат алған қаржыны бизнес ашуға емес, басқа мақсатқа жұмсап жіберген. Қазіргі таңда 10 адамның ісі сотқа жолданып, қалғандарымен қаржыны қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек масс-медиа өкілдерімен өткен брифингте айтты.
Биыл Шымкентте 50 мыңдай азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан оның 10 мыңға жуығы екі қолға бір күрек тапқан. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссызддық деңгейі азайған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
--- Шымкент қаласында 2025 жылға 49 513 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін 9 737 адам тартылды. Еңбек нарығында 2024 жылғы жағдайымен жұмыссыздық деңгейі 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5% құрап отыр.
Әлеуметтік әлсіз топқа жататын азаматтардың бизнес-жобаларын қолдау үшін 2019 жылдан бері 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант берілген. Былтыр комиссия шешімімен 428 адам 1 476 800 теңгеден қайтарымсыз қаржы алған. Алайда 36 азамат қолға тиген ақшаны мақсатсыз жұмсап жіберген. Олардан қаражатты қайта өндіру жұмысы жүріп жатыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
--- Осындай жағдай 2023 жылы 138 азамат тарапынан жасалынған. Яғни динаимканы көріп отырсыздар. Оның ішінде, 72 азаматқа соттың шешемі шығып, сот орындаушылар арқылы қаражат бюджетке қайтарылуда, 3 азаматқа теріс шешім шыққан. 51 азамат медиациялық келісім арқылы қаржыны қайтаруда. 5 азамат өз еркімен қайтарған. 7 азамат Еңбек мобильділігі орталығымен бөліп төлеуге келісім шартқа отырып, қаржыны қайтаруда. Жалпы қайтарылу керек қаражат 158 103 130 теңге қайтарылуы керек нысаналы мақсатқа жұмсалмағаны үшін
Бүгінгі таңда бизнес бастауға қаражат алғандардан 45 356 524 теңге қайтарылған. Азаматтар әлі 112 746 606 теңге мемлекетке берешегі бар. Бұл іспен сот орындаушылар айналысып жатыр.