Түркістандық полицейлер автокөліктегі ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, көлік жәбірленуші үйі алдында тұрған.
Күдікті түнгі уақытта ВАЗ 2114 автокөлігіне заңсыз кірген. Көлік ішіндегі магнитофон мен компьютерді жымқырып, жәбірленушіге 250 мың теңге жуық шығын келтірген. Тәртіп сақшылары қолды болған айғақты заттарды күдіктінің үйінен тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.