Биыл мегаполисте жауын-шашын аз болып, сел қауіпі сейіліп отыр. Соған қарамастан айтып келмейтін апаттың алдын алу шаралары тоқтаған емес. «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» мемлекеттік мекемесінің техникалары сақадай сай тұр.


Қалада сел басуы мүмкін 29 аймақ бар. Сонымен қатар 13 сырғыма қауіпті аумақ белгіленген. Олардың жалпы ауданы 497 500 шаршы метрді құрайды. 109 қауіпті нысанда 433 адам тіршілік етіп отыр. Мысалы, Гүлисман көшесінің 26 000 шаршы метрін сел шаюы ықтимал. Қазір бұл аймақтағы жарқабақтың үстінде 8 тұрғын үй бар.


ҚУАНЫШ ҚҰТТЫБАЙ, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ОҢТҮСТІК АЙМАҚТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНИКАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

--- Қауіпті аймақ мекеменің ұсынысы бойынша қала әкімдігінің қаржыландыруымен 2023 жылы осы аймақта сырғымаға қарсы бөгет салынған болатын. Сырғыма қауіпті аймақтарда соғылған қорғанның бірден бірі осы құрылыс.


 Мегаполистің күре тамыры саналатын Бадам мен Сайрам өзендерінің бойындада қоныс тепкен тұрғындар көп. Мұнда 2 тұрақты және маусымдық бекет орналасқан. Бадам өзеніндегі «Шымкент» гидробекеті мен Сайрам өзеніндегі «Шапырашты» гидробекеті үнемі мамандардың назарында.


МАРАТ ӨСЕРБАЕВ, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ОҢТҮСТІК АЙМАҚТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНИКАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда Шымкент гидробекетіне 8.5 мың куб су ағып жатыр Сайрамда 4,5 куб су ағып жатыр 2021 жылы 75 куб су аққан


 Қауіпті кезеңдер басталар алдында мекеме қызметкерлері арнайы шара ұйымдастырады. Сел басуы ықтимал ауылдық округ әкімдіктеріне, жеке үй иелеріне хабарлама-ұсыныстар беріледі. Жыл басынан бері 400-ге жуық жадынама таратылған.