Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің сарбаздары телеарна тынысымен танысты. 35 жылдық тарихы бар қарашаңырақта шығарылатын бағдарламалардың барысын бағамдады. Материалдық-техникалық базаны көзбен көрді. Көгілдір экранның арғы жағындағы әлеммен танысты. Сарбаздардың телеарнадағы бір күнін тілші жалғасын.
Бұл сарбаздар 6506 әскери бөлімнің штаттан тыс тілшілері. Яғни сарбаздық өмірдің қырс-сырын қалың жұртқа паш етіп, түрлі жанрда мақала жазып жүрген бозбалалар. Олар Отан алдындағы борышын өтеп қана қоймай, бейімділігіне қарай қызмет етіп жүр.
ОЛЖАС ӘДІЛБЕК, ҚР «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
--- Бұл сарбаздар өздерінің бөлімшелерінде болып жатқан іс-шаралар, мерекелік және басқа да іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу үшін таңдап алынған. Бұл сарбаздар түрлі мақалалар жазады. Өздері ізденіп, видеороликтер түсіреді.
Сарбаздар телеарнаның студиясымен, режиссерлік, монтаж столдармен танысты. Алматылық Дінмұхаммед үшін экран артындағы өмір бала кезінен қызық болған. Бүгін ол ерекше әсер алғанын айтып, ағынан жарылды.
ДІНМҰХАММЕД АЙТБОЛАТ, САРБАЗ
--- Бұрыннан қызығып жүрген нәрселерім бар еді. Соның бәрін көрдім. Мен ойлағаннан басқаша екен. Сарбаздарға қатты ұнады.
15 сарбаз телеарнаның жылжымалы телестанциясын да көзбен көрді. Оқиға орнынан жылдам хабар таратудың әдіс-тәсілін меңгерді. Олар әскерден соң журналистика саласында қызмет етуге осылайша дайындалып жүр.