Ордабасы ауданында «Ауылым Арыс жағасында» атты мәдени - рухани, танымдық іс-шара бастау алды. Үш жүздің басын қасиетті мекен жұртының ынтымағын паш ететін шарада ұлттық өнеріміз ұлықталып, заманауи жаңашылдықпен ұштастырылған рухани байлығымыз дәріптелді. Шұбар және Шұбарсу ауылдық округтерінің таланттары танылған кеш жайында тілші сөз саптасын.


Ұлтымыздың ұлы мұрасы мен өнерін дәріптеп, мәдениетіміздің мәйегін насихаттайтын шара тасада қалған таланттарды насихаттауды көздейді.


Шарада ауыл-аймақтарда өндірілген ауылшаруашылық, өнеркәсіп өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл күні мектеп-балабақша ұжымдары шығармашылыққа жаны құмар шәкірттердің туындыларын көрмеге қойды.


Мәдени шара ауыл шаруашылық, қолөнер, тағамдар көрмесі және салт-дәстүр, әдет- ғұрпымызды дәріптейтін сахналық қойылымдармен басталып, жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Өнер мен мәдениеттің ұлы көшін жалғаған іс-шарада шілде – қыркүйек айларында ауданға қарасты ауыл округтері бекітілген кесте бойынша өз өнерлерін назарға ұсынып, сайысқа түсетін болады. Барлық аумақтар бақ сынасқан соң қорытынды кеш өтіп, жеңімпаз округ марапатталмақ.