«Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие алуға жәрдемдеседі. Ол үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға кепілдік ұсынады. Процесс қалай жүреді? Кімдер, қандай жобалар қолдау ала-алады? Қанат Жолдасбек тарқата айтады.
Өндіріс, көлік, қоймалау, туризм, білім және денсаулық салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Әсет Тілемісовың айтуынша «Өрлеу» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер 7 млдр теңгеге дейінгі несиені 12,6 пайыз өсім пұл негізінде 10 жылға рәсімдей алады. Үміткерде банкке қалдыратын кепіл зат болмаған жағдайда «Даму» қоры қол ұшын созады.
ӘСЕТ САҒАДАТҰЛЫ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
– «Нарықта банктер 21 пайыздан аса мөлшерде несиелендіруді жүргізіп жатыр. Сондықтан осы жеңілдетілген пайыз кәсіпкерлерге демеу болады деп ойлаймыз.» «Инвистиция мақсатында 10 жылға дейін несие алуға болады. Айналым қаражатын алуға 3 жылға дейін несие алуға болады.»
Жыл басынан бері «Даму» қоры қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерге 32,2 млрд теңге қаражат бөліп, 231 жобаға қолдау көрсеткен. Субсидиялау бағыты бойынша – 26,7 млрд теңгеге 154 жоба, кепілдік беру бағыты бойынша – 5,5 млрд теңгеге 77 жоба жүзеге асқан.
ӘСЕТ САҒАДАТҰЛЫ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
– ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» - кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын делдалсыз, тікелей ұсынады, бұл өз кезегінде бағдарламалардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.»
Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, жауапты басшы журналистер жолдаған сауалдарға толыққанды жауап берді.