Елде жанармай бағасы өсіп жатыр. Алайда, үкімет бұл шегі емес екенін алға тартып отыр. Күзде жанармай құны тағы өсіп, тапшылық сезілуі мүмкін екенін ескертеді.
Әзірге бензин мен дизель отынының ең тиімді бағасы еліміздің батысы мен оңтүстігінде болып тұр. Атырауда АИ 92 маркалы бензин литріне 204 теңгеден, Шымкент пен Ақтөбеде 207-210 теңгеден құюға болады. Елордалық жанармай құю бекеттерінде АИ-92 литрі - 222 теңгеге дейін көтеріліп үлгерді. Мемлекеттік реттеу алып тасталғалы бері жанармай 17 теңгеге қымбаттаған. Сонымен қатар, дизель отынының бағасы Алматы, Шымкент және Астанада жоғары болып тұр. Яғни, 315-319 теңге.