Мәслихат төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді. Бахадыр Нарымбетов бастаған жауапты тұлғалар қала тұрғындары жолдаған сауалдарға жауап беріп, арыз-шағымдарын тыңдады. Тиісті кеңес айтып, қордаланған мәселелерге шешім іздеді. Азаматтардың бірі баспана мәселесін көтерсе, енді бірі руханиятқа қатысты сұрақ қойды. Түйіткілді мәселелер талқыланған жиын жайында Қанат Жолдасбек тарқата айтады.


 Марат Аманның – арт спорт бағдарламасы негізінде жұмыс істейтін үйірмесі бар. Онда болашақ чемпиондар жаттығады. Сөзінше, соңғы кездері үйірмеге төленетін тариф мөлшері қысқарып, сапаға қатысты талап күшейген.


МАРАТ АМАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Спорт мектептері мен оқушылар үйіндегі үйірмелерге 12 ай бойы ваучерлік жүйе ашық. Кезіксіз қабылдай береді. Ал біз бюджет ыңғайына қарай қабылдаймыз.»«Ай сайын біз ата-аналарға кесте толтырамыз. Ал спорт мектептерінде ол жоқ. Тең емес жағдайда қалдырып жатыр бізді.» «Футболды алатын болсақ бір балаға шамамен 18 500 теңге бөлінетін.»  Қазір Астанада 24 мың болды, бізде 15 мыңға қысқарды.» 


Сауалдарға дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов тоқталып, толыққанды жауап берді. Айтуынша, қосымша білім беру мекмелеріндегі үйімелерді спорт мектектерімен салыстыруға келмейді. Екеуінің бағыты басқа, қойылатын талаптарда айырмашылықтар көп.


ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 – «Қаржы бойынша жеке кәсіпкер мен мемлекеттік спорт мектебін салыстыруға келмейді. Өйткені спорт мектептеріне қойылатын талаптар мүлдем басқа. Қазақстан чемпионатын жеңуі қажет, Азия, әлем жеңу керек, олимпиада ойындарына қатысу керек.»  «Қазіргі таңда біздің спорт мектептерден сіздерге кетіп жатқанының себебі сіздер көбірек жалақы төлейсіздер. Талаптарыңыз аз.»  Ол жаққа барады. Ол жақта талап жоғары емес.» 


Жиында ақын, сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы руханиятқа қатысты біршама мәселе көтеріп, масилехат төрағасына сауал жолдады. Ақындар аллеясын ашу қажетін айтып, Шымкентте дәстүрлі түрде өтетін ауқымды ән байқауын қалыптастырсақ деген ұсыныс жасады. Композиттерлерге арналған жарыс Шымкент жайындағы әуендер қорын байытып, жас өренге қанат бітіруші еді дейді мәдениет саласының үздегі. Сондай-ақ сазгер қоғамдық қабылдауда «Оңтүстік шайырлары жырлайды» деген атпен үздік ақындардың жырлары шоғырланған жинақ шығарсақ деген пікір білдірді.


ӘБДІХАЛЫҚ ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ, АҚЫН, САЗГЕР

 20-30 ақынның өлеңін іріктеп кітап шығаруға болады ғой. Бұл кітап, газет оқу сиреп бара жатқан заманда жастарға қанат бітіреді деген ойдамын.» - 


 Бахадыр Нарымбетов мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп келетінін айтады. Маслехат төрағасы сазгер атап өткен өнер байқауын мақұлдап, мәдениет басқармасына тиісті ұсыным жасалатынын айтты. Ал кітап шығару ісі жергілікті бюждет есебінен жүзеге аспайды дейді ол.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

 «Кітап шығаруға мүмкіндік жоқ. Оны тек республика шығарады және тек демеушілік. Біз екі рет бюджеттен қаржы бөлдік, шығара алмады. Заңға қайшы келді.»


 Жиын барысында тұрғындар маслихат төрағасына түрлі сауалдарды жолдап, тұщымды жауап алды.