Түркістандық полицейлер жоғалған баланы тапты. Бірер күн бұрын Алматыдан туыстарына қонаққа келген отбасы полиция пунктіне арызданып, кемілетке толмаған ұлының жоғалып кеткенін хабарлаған.
Ақпарат алғаннан кейін полицейлер дереу қарқынды іздеу шараларын жүргізген. Нәтижесінде қысқа мерзімде учаскелік полиция инспекторлары аялдамалардың бірінен жоғалған жасөспірімді тапты. Белгілі болғандай, бала үйден алыстап кетіп, адасып қалған. Полицейлер баланы анасына тапсырып, профилактикалық әңгіме жүргізді. Ата-аналар ұлын табуға көмектескен тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылық білдірген. Полиция ата-аналарға балаларға мұқият болуды, қараусыз қалдырмауды және олардың мінез-құлқын бақылауда ұстау қажетін ескертеді.