Биыл облыста 560 мыңнан астам оқушы білім алады. 1-сыныпқа 48 мыңы аяқ басады деп жоспарланса, қазірде 32 893-і құжат тапсырып үлгерген. Ал, білім ұялары 1 қыркүйекке сақадай сай ма? Облыстағы мектептердің дайындығы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Өңірде былтырғы оқу жылында 1093 мектеп қызмет атқарған. Оның ішінде 922-сі мемлекеттік болса, 171-і жекеменшік. Ал, «Келешек мектептері» жобасы мен жаңа құрылыстар есебінен мемлекеттік мектептер саны 13-ке артып, 935-ке жетеді деп күтіліп отыр.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
1-қыркүйекке дейін жоспарға сәйкес, мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және жылыту маусымына сапалы, әрі мерзімді аяқталуы тиіс! Мектептердің жөндеу жұмыстары қатаң бақылауды ұстауды тапсырамын. Мектептер жаңа оқу жылында 100 пайыз дайын болуын қамтамасыз етуін тапсырамын!
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновтың сөзінше, жоба аясында жоспарланған 29 мектептің 13-і пайдалануға беріліп, 9 мектепте оқу процесі жүріп жатыр, бас аяғы 7694 оқушы қамтылған. Ал, 4-еуі жаңа оқу жылында іске кіріседі деп жоспарланған. Мемлекеттік мектептің 798-і типтік, 124-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Облыстық бюджет есебінен биыл 17 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 11 мектеп пен 1 колледждің 120 орындық жатақханасы, 5 қосымша білім беру ұйымы салынып жатыр. Осы 17 білім нысанының 4-еуі биыл пайдалануға берілсе, қалған 13-і келер жылға өтпелі.
ҒАЛЫМЖАН ОРЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Оқу жылының табалдырығында біз білім беру жүйесінің сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және білім алушылардың қауіпсіз әрі жайлы ортада сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. 00:16 +02:01 Мектептерді жаңарту жобасына реновацияға тоқталсақ, облыстың 115 мектебі енгізілген. Осы ыжылы облыста жоспарланған 41 мектептің ішінде ағымдағы жөндеу мен 15 мектеп, күрделі жөндеумен 26 мектеп салу жоспарланған.
Ал, Түркістан қаласы мен Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Сайрам, Ордабасы аудандарында гидравиликалық сығымдау жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін толықтай аяқталады деп күтіліп отыр.