«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы оңтүстік өңірлік спартакиадасын ұйымдастырды. Шара ұлттық оператордың 20 жылдығына орайластырылды. Ұжымішілік бірлікті нығайтуға бағытталған бәсекеге Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының филиалдары мен шымкенттік қызметкерлер қатысты.


 Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мемлекеттік Ту көтеріліп, патриоттық ән шырқалды. 500-ге жуық қызметкер қатысып, мерекелік көңіл күй сыйлады.


Спартакиада аясында футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз шеберліктері мен команда бірлігін паш етті.


Жарыс қорытындысы бойынша спорттық дайындық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен Шымкент қаласының командасы 1-орын иеленіп, оңтүстік өңірдің нағыз көшбасшысы атанды. Төзім мен шеберлікті ұштастыра білген Түркістан облысының командасы 2-орыннан көрінді. Ал жігер мен ынтаның символына айналған Қызылорда облысының командасы құрметті 3-орынды иеленді.


Республикалық деңгейде өтетін жарыста Оңтүстік өңірдің атынан Шымкент қаласының командасы бақ сынайтын болады. Бұл – тек жарыс емес, бұл – бірлік пен ұжымдық рухтың нағыз мерекесі,-дейді мемлекеттік қызметшілер. Ал шымкенттіктердің жеңісі – жай ғана марапат емес. Бұл – ұжымдық рухтың, табанды дайындықтың және бірлік пен сенімнің жеңісі.