Сайрам елдімекенінде мектеп-интернат-колледж жатаханасы салынып жатыр. Ондағы құрылыс жұмысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілуде. Ал «AMANAT» партиясы бақылау комисиясының мүшелері мен депутаттар атқаралып жатқан жұмыспен танысып, құрылыс сапасын қадағалады. Сонымен қатар елдімекендегі бірқатар білім ошақтарына барып күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысын қадағалады.


2023-2027 жылдарға арналға «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау үшін депутаттар мен партиялы бақылау комиссиясының мүшелері Сайрам елдімекенінде болды. Олар мұнда күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп пен жаңадан салынып жатқан колледж жатаханасының құрылыс жұмысымен танысты.


 ҚАЙРАТ ИМАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ

Күрделі жөндеу жұмыстарын көрдік 108 мектептің. Жұмыс аяқталып жатыр. 540 млн қаражат бөлінген толық игеріліп тапсырып жатыр. Шымкент қаласында 2025 жылға 25 миллиард теңге бөлініп отыр. Ол жерде білім саласы бойынша 12 құрылыс жұмысы және 11 күрделі құрылыс жұмыстарына. Құрылыста өтпелі мектептерде бар. Жалпы оның 5 млрды Республикалық бюджеттен болса, қалғаны жергілікті бюджеттен қаржыландырып отыр.


Колледж жатаханасының құрылысы ағымдағы жылдың сәуірінде басталған. 300 орынға шақталған нысан үш қабатты және 3 бөліктен тұрады. Мұнда ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға да жағдай жасалады. Нысан құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілуде. Жұмсалатын қаржы көлемі 2,5 миллиард теңгеге жуық.


ҚОНЫСБЕК КУТЕКЕШОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ

Енді сейсмостойка жағынан 9 баллға арналған. Бұл жатақхана 300 орынға арналған. 1 этажда 24 бөлме бар. 1 бөлмеде екі бала жатады. Әр нысан 3 қабаттан тұрады. А1,А2 және Б корпус бар. Және мед пунктке жеке ғимарат берілген. Балдардың жағдайына.


Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдай жасалған: медицина кабинеті, спортпен жаттығу, тынығу және жуыну бөлмелері бар. Жобаны осы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық Білім басқармасына пайдалануға тапсыру жоспарланған. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарының сапасы партиялық бақылау комиссиясының бақылауында болады.