Банктерге киберқауіпсіздік бойынша жаңа талаптар енгізілді. Ережеге сәйкес, қаржы ұйымдары байланыс арналарын цифрлық форматқа көшіріп, файлдардағы өзгерістерді тұрақты бақылауға міндеттеледі.
Құжатта сондай-ақ ғимараттардағы қауіпсіздік шараларын күшейту мен кибероқиғалар туралы жедел хабарлау тәртібі белгіленген. Клиенттерді сәйкестендіру жүйесі жаңартылып, биометриялық тексеру мен екі факторлы аутентификация негізгі талаптар ретінде бекітілді. Қаулы екі айдан кейін күшіне енеді.