Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Енді жәбірленушілердің өзі байланысқа шығып, келеңсіздікті шешу үшін алаяқтарға хабарласады.
Прокуратураның дерегінше, қаскөйлер «жеткізу қызметіненбіз» деп хат жолдап, түрлі сылтау арқылы адамды арбауына оңай түсіреді. Басым бөлігі «домофон ауыстырамыз» деп алдайтын көрінеді. Ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар алаяқтарға әлеуметтік құралдарды қолдануға рұқсат береді. Ал соңында опық жеп, бармақ тістеп қалады. Сол себепті мамандар әр ақпаратты мұқият саралап, анықтап алу қажеттігін ескертеді.