Түркістан қаласының әкімі коммуналдық ұйымдардың жұмыс базаларын аралап, техникалардың даярлығы мен қолжетімділігін тексерді. Шаһар басшысы қала аумағында қар тазалау, көктайғақтың алдын алу және жедел әрекет ету шараларының нақты жоспарын пысықтады. Жауапты мекемелердің дайындығын күшейтуді тапсырды.

 Бүгінде қала жолдарының жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның 125,61 шақырымы – бірінші кезекте қардан тазаланатын және инертті материалдар себілетін орталық учаскелер. Биыл асфальт жолдардың көлемі 66,7 пайызға артқан. Қысқы маусымға дайындық мақсатында «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС, «Жасыл ел» ЖШС, «Түркістан Су» МКК және «SK Geokard» ЖШС мекемелері 12 КДМ және 18 тракторды әзірлеген. Бұдан бөлек, Инфрақұрылым, құрылыс және жол бөлімдері, «Жасыл Түркістан» КММ және «Жол қызметі» мекемелері тарапынан 10 жүк тиегіш пен 22 КамАЗ техникасы дайын тұр.

 Қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарына жалпы 52 арнайы техника мен 550 жұмысшы жұмылдырылмақ. Қажетті материалдар қоры да жеткілікті. Инертті материалдардың 310 тонна құмы және 500 тонна тұзы дайын тұр.

СПИКЕР: АРМАН ОСПАН, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 «Қысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Техникалар, қажетті материалдар қоры тексеріліп, қысқа дайындық жұмыстары пысықталып жатыр» 4.

Магистральды көшелерді қардан тазалау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. 31 қосымша көше, 5 саябақ, Әкімшілік-іскерлік орталық аумағы, Рухани-мәдени орталық және Б. Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтар белгіленген кезекпен тазартылады.