Қала әкімі Vostok Trade LLP компаниясының басшылығымен кездесті. «Жұлдыз» индустриялық аймағында салынып жатқан қара қорғасын мен мыс өндіретін зауыттың құрылыс барысын талқылады.


Құны 5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаның іске қосылуы келесі жылға жоспарланған. Жоба шамамен 200 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. Болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 30 мың тонна өнім. Кездесу барысында қажетті құжаттарды рәсімдеу және өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдерді қажет ететін мәселелер де қаралды. Талқылау қорытындысында барлық талаптардың орындалуы мен рәсімдердің уақытылы аяқталуының маңыздылығы атап өтілді. Жауапты тұлғаларға заң аясында тиісті қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл жобаның жүзеге асуы өнеркәсіп саласын дамытуға, қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосады.