Негізгі Жаңалықтар ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Полиция есірткі қылмыстарын тоқтату және азаматтарды, әсіресе жастарды заңсыз айналымға тартудың алдын алу жұмысын жалғастырып келеді. Жыл басынан бері елде есірткіге қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді.

Көбінесе есірткіні сату, сақтау және интернетте жарнамалау қылмыстары кездеседі. Полиция бірнеше жасырын зертхананы тауып, аса көп мөлшерде есірткі мен прекурсорларды тәркіледі. Жамбыл облысы, «Алматы – Екатеринбург» бекетінде қызметтік ит Теяның көмегімен 18 келі гашиш тәркіленді. Ұсталған адам есірткіні Шу ауданында жинап, Астанаға апара жатқанын айтты. Шымкентте 26 жастағы жүргізушіден Алматыдан әкелген шамамен 1 келі мефедрон табылды. Солтүстік Қазақстан облысында 30 жастағы ер адамның көлігінен 600 грамнан астам A-PVP және мефедрон табылды. Күдіктілер ұсталып, тергеуге алынды.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
 - Ішкі істер министрлігі есірткіні тасымалдау, сақтау немесе заңсыз айналымға көмектесу - қылмыс екенін ескертеді. Министрлік азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырады. Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.»

Бөлісу