Түркістанда балаларды оңалту орталығы бой көтерді. Әлеуметтік маңызды нысанның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары мен облыс әкімі арнайы қатысты. Игі бастаманың құрылтайшыларына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Заманауи талаптарға сай салынған орталықтың аумағы 1,56 гектар. Жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайды. Мекемеде 40 тәуліктік әрі 20 амбулаториялық орын қарастырылған. Сондай-ақ, заманауи құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда 80 оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Келесі екі жыл ішінде ел өңірлерінде осындай орталық ашу жоспарланып отыр.
Жаңа орталық түрлі дертке шалдыққан балаларға кешенді көмек көрсетеді. Ал қазіргі таңда облыста 4 оңалту және 3 қамқорлық орталығы жұмыс істейді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгін жаңа оңалту орталығы бой көтеріп отыр. Балалар ауырмасын, сырқамасын. Олардың амандығы үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде 774 мыңнан астам бала бар. Түркістан облысы соңғы жылдары әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша қарқынды өсім көрсетіп келеді. Бес жыл ішінде 300-ден астам жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.