Шардара ауданында тұрғындарды сапалы баспанамен қамту жұмысы жалғасып келеді. Жыл соңына дейін 60 пәтерлі көпқабатты үй қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бұл үйлерге көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қоныстанбақ.
Жеке инвестор қаражаты есебінен бой көтеріп жатқан жаңа үйлер заманауи талаптарға сай салынып, инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Мұндағы 45 пәтер - 2 бөлмелі, ал 15 пәтер -3 бөлмелі.
АБАЙ МӘУЛЕНОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
«Қазір үйдің құрылысы 90–95 пайызға аяқталды. Жыл соңында тапсыру жоспарланып отыр. Ішінде әрлеу жұмысы қалып тұр. Біраз жұмыстар аяқталған. Құрылыста толығымен отандық өнім пайдаланылып жатыр. Үйді біз өз қаражатымызға салып жатырмыз. Кейін жергілікті әкімшілік сатып алып, ары қарай тұрғындарға үлестіреді.»
Құрылыс-монтаж жұмысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда сыртқы әрлеу жұмыстары ғана қалған. Аула абаттандырылып, жолдар мен аяқжолдар салынады. 5 қабатты тұрғын үй кешені 2026 жылдың наурыз айында көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
ЕРКЕБҰЛАН ҚАРАТҰНОВ, ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Былтыр 124 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезектегі азаматтарға тапсырылды.
Жобаның толық аяқталуы – аудан тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ауылдардың әлеуметтік келбетін арттыруға және Шардара шаһарының көркеюіне елеулі үлес қоспақ.