Сауран ауданында зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған конференция өтті. Аудандық полиция бөлімі "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет" акциясы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғам қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған ашық пресс-конференцияда теріс әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі айтылды. Іс-шараға өңірдегі бірқатар қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.  Сала өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер тәрбиесі, жол қозғалысы қауіпсіздігі және интернет алаяқтықпен күрес тақырыптарында пікір алмасты. Тәртіп сақшыларға қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Қоғамдық ұйым өкілдері полицияның ашықтығын атап өтіп, өз тараптарынан да бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.