Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55 мыңнан аса жұмыскердің құқығын қорғаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 494 кәсіпорын 10 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге берешек екенін анықталған.
Сондай-ақ түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі тіркеліпті. Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілген. 470 млн теңге айыппұл салынған. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10 мың жұмыскердің құқықтары қорғалған. Оларға 2,2 млрд теңге төленген. Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізген. Барысында 7 902 бұзушылықты анықтапты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.