Шымқала кештері жалғасып жатыр. Ашық аспан астындағы концерт бұл жолы бүлдіршіндерге арналды. Орыс драма театрының әртістері «журналистер» аллеясында балаларға ерекше қойылым ұсынды. Көңілді кеште жеткіншектер түрлі ертегі кейіпкерлерімен танысып, әртістердің өнерін тамашалады.


 Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру мақсатында өтіп жатқан Шымқала кештері қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті іс-шарасына айналды. Жоба халықтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, бос уақытты тиімді әрі ерекше өткізуге мүмкіндік беріп отыр.


 МЕДЕТ ЕЛІКБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Әр сенбі жексенбі сайын өтсе өте керемет қой. Балаларға қуаныш әрі қызық көріп отыр.


ИСАТАЙ СЕРҒАЗЫҰЛЫ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Мында балаларға жақсы көрініс болып жатыр. Концерт қойып жатыр. Шымкенттің әкіміне көп рахмет осындай ұйымдастырған. Амандықта саулықта болайық. Қуанышпен балаларымыз осылай қыдырып тек жақсылық көре берсін.


 «Шымқала кештері» – заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылықтың тоғысқан алаңы. Ұйымдастырушылар үлкендерден бөлек балаларды да назардан тыс қалдырмады. Қала тұрғындары мен қонақтары және бүлдіршіндер ашық аспан астында Орыс драма театрының әртістері сомдаған ертегіні тамашалады.


ОЛЬГА ИВАНОВА, ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӨКІЛІ

Ашық аспан аясында өтіп жатқан Шымқала кештерін Конституцияның 30 жылдығына арнап отырмыз. Бүгін қала тұрғындары мен қонақтарына және кішкентай бүлдіршіндерген Владимир Орловтың «алтын балапан» ертегісін ұсынып отырмыз. Көріп тұрғандарыңыздай адам өте көп жиналыпты. Кішкентай балалар да өте көп. Қатты қуанып тұрмын.


Еске сала кетейік, түрлі жастағы көрермендердің қызығушылығын тудырған «Шым қала кештері» жобасы жаз бойы түрлі локацияда ұйымдастырылатын болады.