Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысына барып, Президенттің аграрлық секторға су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Сондай-ақ Сырдариядағы «Әйтек» су торабы мен Қызылорда маңындағы Қараөзек арнасына әуеден шолу жасады.
Бұл нысандар жүздеген мың гектар егістік пен жайылымды сумен қамтып отыр. Үкімет басшысы су тапшылығы жағдайында тиімді технологияларды енгізудің маңызын ерекше атап өтті. Биыл су және ирригация мен ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізген. Енді тамшылатып және жаңбырлатып суаруға көшкен шаруашылықтарға басымдық беріледі. Қазір аймақта егістік құрылымы өзгеріп, ылғал сүйгіш дақылдардың, соның ішінде күріш пен мақтаның алқабы азайтылып жатыр. Бұл су тұтынуды 20%-ға төмендетуге бағытталған. Үкімет басшысы суды тиімді пайдалану тәжірибесін кеңейту мен заманауи суару әдістеріне көшу бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты
БАҚЫТ ЖАХАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әрине енді биыл егінді сумен қамтаасыз ету өте күрделі жағдайда өтуде. Бүгінгі таңда енді бізге жоспарланған осы егінге 3,9 млрдтың қазір 2,8 млрды ғана келді. 1 млрдтай су бізге әлі жетіспеушілігін сезініп отырмыз. Қазір үкімет тарапынан мемлекет басшысы тарапынан да үлкен қолдаулар жасалып жатыр.