«Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың барлық ауданында санитарлық-тазалық жұмысы жүргізілді. Абай ауданының әкімдігі экологиялық акцияны аудандағы 27 елдімекенде ұйымдастырды. Іс-шараға үш жүзге жуық адам қатысып, арық-атыздарды қоқыстан тазартты. Коммуналдық мекеме қызметкерлері қураған ағаштарды аралап шөп жұлды.


Экоакцияға еріктілер мен аудан тұрғындары қатысып белсенділік танытты. Әсіресе егде жастағылар жастарға мотивация болсын деген ниетпен қолға сыпырғы алып, өздеріне белгіленген аумақты тазалады. Бірқатары Бадам өзенінің айналасындағы қоқысты терді.


АЛМАСХАН ЕСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Біздің қаладағы оратаны кесіп өтетін өзеннің бірі. Көп жылдан бері тазалық көрмеген. Осындай керемет тірлікті бастаған екен. Кейінгі кезде Абай ауданы тазалықты қолға ала бастады. КГУ ашылды. Мынау соның бірегейі. Әр уақытта осындай істерді жасай берсін. Жас келсе іске деген.


ОРЫНША КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Бізде әр сенбі сайын Таза Қазақстан акциясы өтіп отырады. Халқымызға елімізге жастарымызға дән ризамыз. Әрқашан ауызбіршілік ынтымақта болуда. Жастарға үлгі өнеге көрсету мақсатымыз. Акцияға шын жүрегімізбен, шын пейілімізбен бүкіл ел болып, жастар болып атсалысып қолдаймыз.


Абай ауданында ұйымдастырылған эко акцияға үш жүзден аса адам қатысты. Белсенділер 27 елді мекенде белгіленген локацияда тазалық жұмысын жүргізді.


 ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл сенбілік жылдың соңына дейін жалғасын табады. Тұрғындар мен осында үшжүздей адам жиналып жатыр. 30 шақты техникамыз бар. Бастысы сенбілік шарада жастарды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға, қоқыстарды жәшіктерге тастауға үйрету болып отыр. Тұрғындарымыз белсенді азаматтар. Олар әр сенбілікте шығады өздері.


Бүгінгі сенбілікте Абай ауданының әкімдігі тазалық жұмысына қатысушыларға дастархан жайып ас ұсынды. Айта кетейік «Таза Қазақстан» акциясы әр сенбі қаладағы 5 ауданда белгіленген локацияда жүргізіледі. Эко акция басталғалы 512 мыңға жуық адам қатысып, 25 мың тонна қоқыс шығарылған.