Осы айда мегаполисте бірқатар мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Ауқымды шараның бірі Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы. Қаламыздағы Абай саябағында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, көрме орталығында «Абай әлемі» республикалық байқауымен жалғасатын болады. 15 тамыз – Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай, қаламыздағы Шәмші аллеясында «Бақыт құшағында» Шәмші әндерінің республикалық фестивалі өтеді.
Елімізге белгілі эстрада жұлдыздары мен өңірлік өнерпаздар Шәмші әндерін халық назарына ұсынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, тамыз айының басты мерекесі - 2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Оны атап өту мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерінің, жастардың, білім беру ұйымдары мен мәдениет, өнер мекемелерінің қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. 29 тамыз күні «Қызғалдақ» сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтетін болады.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Осы 30 жылдыққа орай біз мерейлі 30 жыл атты Әртүрлі форумдар, кездесулер, дөңгелек стөл ұйымдастырылады. Бұған қаламыздың жасы да жасамысы да қатысады деп отырмыз.