Оқушылар көлік жөндеу саласымен танысып, қыр-сырына үңілді. Тоғызыншы сыныпты аяқтаған талапкер үшін жол-көлік коледжі ашық есік күнін ұйымдастырып, іс-тәжірибе барысын таныстырды. Білім мекемесі жас өренді машина жөндеу сервисіне алып барып, практика жүйесін түсіндірді.
Тоғызыншы сыныпты аяқтаған Әлібек Асқар жасынан машина жөндеуге қызығады. Аға буынға қолқабыс жасап, көліктің кілтипанын табуға көмектеседі. Қазір ол темір тұлпардың әрбір бөлшегін зерттеп, ақауын анықтауға және реттеуге құлшынып жүр. Хоббиін кәсіби деңгейге жеткізіп, білікті маман атану ол үшін жол-көлік коледжін таңдаған. Сөзінше, сабақ алды басталған практика оның көңілінен шығып, қызығушылығын еселеген.
ӘЛІБЕК АСҚАР, ТАЛАПКЕР
– «Менің кішкентай кезімнен машинаға деген қызығушылығым зор болдаы.» «Бүгін маторды, фильтрді, антифриз сынды сұйықтықтарды тексеруді, ауыстыруды көрсетті.»
Талапкерлер үшін өткен шеберлік сағатына 30-ға жуық оқушы қатысты. Жол-көлік коледжі қаладағы бірнеше машина жөндеу сервистерімен кәсіби байланыс орнатқан. Екі жақты келісім негізінде студенттер осында келіп теорияда естіп-білгендерін практика негізінде ұштайды. Ол үшін барлық жағдай жасалған.
АЙГҮЛ РҮСТЕМОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
– «Жастарымызға көрсеткіміз келді. Коледж және әлеуметтік әріптестік қалай жұмыс жасайды? Қандай базада кадрлық даярлау өткізіледі? Соны көріп кәсіби бағдарын дұрыс таңдағанына талапкерлер көз жеткізеді. Ұнамаса басқа мамандық таңдауға да мүмкіндік бар.»