Биыл «Зияткер» жекеменшік мектебінің құрылғанына 10 жыл. 2015 жылы іргетасы қаланған білім ұясы алғашында дайындық курстарымен айналысқан. Қазіргі таңда 2000 ға жуық балаға толыққанды білім береді. Мерейтойға орай мектеп ұжымы атқарылған жұмыс пен жетістіктері жайында «Ziyatker 10 жас» деп аталатын деректі фильм дайындапты. Жабық көрсетілімге танымал зиялылар мен әртістер және мектеп ұсаздары шақыртылған.
«Ziyatker 10 жас» деректі фильмінде мектеп құрылтайшыларының білім ұясын ашудағы алғашқы қадамы бейнеленген. Онжылдықта атқарған жұмыстар мен білім саласындағы жетістіктері де баяндалады.
СҮНДЕТ АСАНБЕКОВ, ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ РЕЖИССЕРІ
Мерейтой қарсаңында осы зияткердің 2015 тен бергітарихынан бастап, жүріп өткен жолын қалай дамыды қалай өсті соның барлығын 10 жасар баламен теңестіріп осындай бір деректі фильмтүсірдік. Фильм Зияткер қалай құрылды соның тарихы, қалай өрбіді, қалай дамыды және оы Зияткердің негізін қалаған үш құрылтайшы Олжас Жақыпұлы, Дана және Динара Ғабитқызы осылардың өмірі және ослардың деректі фильм барысында өздерінің оқиғаларымен және білімдерімен бөлісетін болады.
«Зияткер» мектебі қаладағы алдыңғы қатардағы жекеменшік білім ұясы. Мұнда балалар заманауи әдіс-тәсілмен оқып, үш тілде білім алады. Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға қабылданатын оқушылардың 60 пайызы Зияткердің түлектері.
МАРАТ СЫРҒАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Менің ойымша Шымкент қаласында білім саласын дамытып жатықан мектептердің бірі. Білім жағынан номер бірінші деп айта аламын. Себебі қазір Назарбаев зияткерлік мектебі мен Білім Инновациялық лицейіне түсіп жатқан адамдардың саны мен балалардың санының нәтижесі өзін-өзаі айтып тұр деп ойлаймын.
10 жылдық тарихы бар білім ошағы алғашқыда Назарбаев зияткерлік мектебі мен Білім Инновациялық лицейі және Республикалық физика математика мектебіне балаларды курсқа дайындап келген. 2021 жылы Ziyatker Hig School жоғары сынып мектебі ашылып, 10-11 сынып оқушыларын қабылдады. Білім ұясы оқушыларды Назарбаев Университеті мен шетелдік ЖОО-на және Ұлттық біріңғай тестілеу мен халықаралық емтихандарға дайындайды. Қазіргі таңда «Зияткер» түлектері әлемнің үздік оқу орындарыда білім алып жүр.
ОЛЖАС ЖАҚЫПҰЛЫ, ZIYATKER МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Шымкент қаласында 2 Назарбаев зияткерлік мектебі болса, соның 240-250 оқушының 140-160 қа жуығы Зияткер мектебінен түседі. Бұл білім сапасының көрсеткіші. Көрсеткіш жылда келе жатыр. Қазақ түрік лицейіне түсуден осындай жетістігіміз бар. Тағы екінші өніміміз ол 11 сынып оқушыларын шетелге түсріу, Назарбаев университетіне түсіру жалпы оңтүстік өңірінің балаларына мүмкіндіктерді ашу деген сияқты. ОСыдан біз жетістікке жетіп жатырмыз деп ойлаймыз. Шымкент қаласында 2 мектеп бар. Біреуі орталықта Қонаев көшесінде, екіншісі Тұран шағынауданында соғылған өзіміздің ғимарат. Жалпы оқушы снымен айтар болсам осы жылы 1400-1500 қушы оқиды деп ойлап жатырмыз. Және зияткер оқу орталықтары бар. Ол жерде 500 шамасында оқушы оқиды. Сонда Зияткерде 2000 оқушы жылда оқиды. 205-300 педогог жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда «Ziyatker Hig School» оқушыларды Назарбаев Университеті мен шетелдік ЖОО-на, сонымен қатар ұлттық біріңғай тестілеу мен халықаралық емтихандарға дайындайды. «Зияткер» түлектері әлемнің үздік оқу орындарында білім алып жүр.